Жойылып кетуі мүмкін жануарларды қорғау бүгінде өркениетті қоғамның міндеті. Осыған орай елімізде «Ақбөкен» ауқымды акциясының екінші кезеңі басталады. Жалпы, биыл өңірде ақбөкендер саны 20 мың бастан асқан екен.

Желтоқсан айының бірінен бастап Павлодар облысында «Ақбөкен» акциясы басталады. Шара мақсаты өіңрімізде мекен ететін осынау аң түрінің санын сақтау, заңсыз аң аулауға жол бермеу. 2020 жылмен салыстырғанда ақбөкендер саны биыл біршама көп.

РУСЛАН ТӨЛЕПБАЕВ, «ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕЦИЯСЫ» РММ БАСШЫСЫ

Акцияның басты мақсаты браконьерлікпен күрес және заңсыз киіктерді, олардың мүйізі мен басқа да делеванттарын сатумен айналысатын браконьерлік топтардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды күшейту. Киіктерді заңзсы аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз

Акция аясында тиісті мекемелер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді де жоспарлап отыр. Асыл тұқымды аңды қорғау қашанда кезек күттірмейтін маңызды мәселердің қатарында. Сондықтан, мамандар бұл бағыттағы жұмысты күшейте түспек.

БАУРЖАН МАЙМЫШЕВ, «ОХОТЗООПРОМ ӨБ» РМКҚ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Охотзоопром» өндірістік бірлестігі орталық өңірлік филиалы Баянауыл тірек пунктінен 11 инспектор және екі жүргізуші қатысатын болады. Жоғары жылдамдықпен жүретін 3 жол талғамайтын автокөлік және екі камаз қамтамасыз етіледі. Инспекторлар арнайы құралдамрен жабыдықталған

Павлодар облысында ақбөкендер Баянауыл, Май аудандарында мекендейді.Жедел алу іс шарасы желтоқсан айының 31-не дейін жалғасады.

Қымбат Садық