Home Credit Bank Павлодар қаласында оныншы бөлімшесін ашты. Онда кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына банктің барлық қызметтері қолжетімді. Ол Сәтпаев 11 көшесінде орналасқан.

Павлодар облысының орталығында Home CREDIT Bank-тің кезекті бөлімшесі ашылды. Бұл айтулы банк ұсынатын сапалы клиенттік қызметтің тағы бір нүктесі болып табылады. Салтанатты шара ресми лента кесумен басталды.

Мұнда тек жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де сапалы қызмет көрсетіледі. Бөлімшенің ашылуына Home CREDIT Bank-тің басқарма төрағасының өзі келіп қатысты.

КИРИЛ БАЧВАРОВ, «HOME CREDIT BANK» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Әрине біздің банктің өнімдері мен қызметтері мобильді қосымшаларда қолжетімді, соған қарамастан біз халыққа жақын болғымыз келеді. Біздің ұранымыз, стратегиямыз «Көмектесуге қуаныштымыз» сондықтан біз әрбір қазақстандыққа, әрбір клиентімізге кешегі күнге қарағанда сәл жақсы, кешегі қарағанда сәл бай болуға мүмкіндік береміз. Ол үшін клиенттің жанында болу керек болса, біз соған дайынбыз. Қазір Қазақстан бойынша 200-ге жуық нүктеміз бар. Енді біз ол бөлімшелерді трафикке жақын қайта ашуды жоспарлап отырмыз. Яғни тыныш аудандардан біртіндеп сауда орталықтарына көшіру ойда бар. Онда адамдар жиналады, жастар жиналады. Сол үшін жасалып жатқан жұмыс.

Павлодардағы клиенттердің саны қазірдің өзінде 23 мыңнан, ал елімізде 1 милионнан асады. Бұл сан күн санап өсіп келеді. Ай сайын банкке 100 жаңа клиент келеді екен. Сондықтан олармен үнемі байланыста болу үшін осы бөлімшенің ашылуы маңызды. Home Credit Bank Жеке тұлғаларға ыңғайлы кредиттерді ресімдеуді, жоғары кэшбектері бар дебеттік карталарды ашуды, төлемдер мен аударымдарды жүргізуді, жылдық тиімді мөлшерлемесі 17,6% - ға дейінгі депозиттерді ұсынады. Сондай-ақ, банкте ozen бөліп төлеудің ең ыңғайлы карталарының бірі бар.

РУСЛАН БАУБЕКОВ, «HOME CREDIT BANK» ПОФ ДИРЕКТОРЫ

Бізде Павлодар облысында он шақты нүкте ашылып жатыр. ЯПавлодар облысы бойынша 300-ге жуық серіктесіміз бар. Серіктестермен бірге ұсынатын негізгі өнім бөліп төлеу. Ол 112 және 24 айға беріледі. Сонымен қатар, бізде «Озен» картасы бар. Ол арқылы клиент 2 млн теңгеге дейін қаражатты 6 айға дейін бөліп төлеуге ала алады. Бөліп төлеу процесі жеңіл мобильді қосымша арқылы қолжетімді. Виртуалды түрде карта ашылады. Бет әлбетініз сканерленіп, жеке куәліктің ақпараттары енгізіліп, сіз біздің банктің клиенті бола аласыз.

1 қарашаға Home Credit Bank-тің активтері 1 трлн теңгеден асты. Яғни 2024 жылдың 10 айында 200 млрд теңгеге өсті. Қазақстандықтар мен компаниялар банктің депозиттерінде 514,7 млрд теңгені сақтайды. Айта кетейік, Home Credit Bank-тің жаңа бөлімшесі Павлодар қаласы Сәтпаев 11 көшесінде орналасқан.

Самал Қалиқызы