Павлодар облысында соңғы кезде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты шақыртулар азайған. Мұны полицейлер әкімшілік кейбір баптардың қылмыстық кодекске ауысқанымен байланыстырып отыр. Толығырақ келесі сюжетте.

2024 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды. Яғни істер әкімшілік іс қатарынан қылмыстық кодекске көшіріледі. Іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет емес. Полиция әлеуметтік желідегі немесе ақпарат құралдарындағы дәлелді негізге ала отырып тергеуді бастай алады.

АЗАМАТ КҮРКЕБАЕВ, ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

10 айдың қорытындысы бойынша ағымдағы жылы Павлодар облысында тұрмыстық зорлық зомбылық қылмыстары 71,4 пайызға көбейген. Яғни 63 жағдайынан 108 жағдайға дейін өсті. Қылмыстық көрсеткіштің өсімі заңның қатаңдатылуымен байланысты. Кейбір әкімшілік баптар қылмыстық бапқа ауыстырылды. Алайда шақыртулар азайған.

Жыл басынан бері облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 5 адам қайтыс болған. Зорлық-зомбылық жағдайының 15-нің біреуінде ер адамдар жапа шегеді екен. Айта кетейік, қазір еліміз бойынша «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтіп жатыр.

АЗАМАТ КҮРКЕБАЕВ, ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

4500 жәбірленушіден жауап алынды. 87-сында жағдай анықталды. Психологиялық, заңды, әлеуметтік көмек көрсетілген 31 отбасы есептен шығарылды. 8 отбасы дағдарыс орталығына орналастырылды. Қазіргі таңда 56 отбасы жоғары қауіп қатарында. Олар есепте, құқыққорғаушылармен жағдай бақылауда алынды.

Қазір қаламыздағы дағдарыс орталығында 45 әйел балаларымен орналасқан. Айта кетейік, бұрынғыдай жапа шегуші арызын қайтарып ала алмайды.

АЗАМАТ КҮРКЕБАЕВ, ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі таңда қайтарып алу мүмкін емес. Арыз жазған күнде де бірде сот сараптамасы тағайындалады. Қазіргі таңда заң қатты күшейтілген.

Қазір қаламыздағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы 24 орынға шақталған, осы ретте Полиция департаменті оны 55 орынға көбейтуге ұсыныс тастаған. Себебі кешкі уақытта онда келушілер саны артады.

Самал Қалиқызы