Павлодар облысының құрметті азаматы, танымал журналист және ақын Шолпан Байғалының «Жанарымда тұнған сыр» атты кітабының тұсаукесері өтті. Әдеби шараға өңірдің ақын-жазушылары, тіл жанашырлары мен шығармашылық орта өкілдері жиналды.
Бұл жинаққа автордың 2000 жылдардан бері әртүрлі басылымдарда жарық көрген өлеңдері енгізіліп, оның әдебиеттегі алғашқы жеке жинағы ретінде таныстырылды. Сонымен қатар, 1995 жылы жазушы баспасынан шыққан «Көктем тынысы» кітабына енген өлеңдер де осы жинаққа кірді.
ШОЛПАН БАЙҒАЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Жалпы өлең деген бұл сезіммен құралған өлеңдер ғой. Әсіресе менің жастық шақта жазған өлеңдерім өзіме сондай ыстық көрінеді. Сол жастық шағымдағы жазылған өлеңдері де менің біріңғай махаббат лирикаларында кездеседі. Себебі, жалпы мен әкем мен шешемнің махаббатын аз көрген адаммын. Жасымнан жетім өстім деп айтуға болады. Жалпы енді өзіме деген махаббат, өзімнің бойымдағы махаббатты сол өлеңдерде өруге тырыстым. Себебі мен сол жас кезімде елге, туған жерге, мұғалімге, бозбалаларға жалпы осы табиғатақа ғашық болған адаммын. Сол ғашықтығым өлеңмен өріліп, сол өлеңдер жинаққа енді.
Кітап біріңғай өлеңдерден құралған. Онда автордың өмірінде болған оқиғалары, жеке сезімдері мен жүрек толғаныстары жыр болып өрілген.
ҒАБИТ САПАРОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Керекудің талантты қыздарының бірі. Шолпан солардың ішінде жеке дара деуге болады. Мына кейінгі жинағы да ең таңдамалы жинақтарын шығарған екен. Жақсы. Көрдім. Көлемді, толымды екен. Жақсы өлеңдері бар. Оқырманға керегі табылады деп ойлаймын осы кітаптан. Қаламы қартаймасын, жазары көп болсын деп тілеймін енді. Тілектеспін ол кісіге әрдайым.
Автордың бұл жыр жинағы-өмірден алынған сыршыл өлеңдер арқылы оқырманға жақын болуды мақсат еткен шығармашылық еңбектің нәтижесі.
Сабина Жолдаспаева