Ертіс ауданындағы өнер мектебінің іргетасы 1963 жылы қаланған. Осы күнге дейін мұнда орын тапшылығы мәселесі болған еді. Биыл ұжымға кең, жарық жаңа ғимарат берілді. Қазір мұнда 740 бала келеді. Толығырақ тілші материалынан көрейік.

Ертіс ауданында дарынды балдырғандардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын өнер мектебінің 60 жылдық тарихы бар. Былтыр өңір басшысының ауданға жұмыс сапары кезінде мұндағы орын тапшылығы мәселесі көтерілген еді. Кейін бұл назарға алынып, мектеп іргесінде бос тұрған бұрынғы редакция ғимараты қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстарына деп облыстық бюджет қазынасынан қаржы бөлінген. Қазір мұнда өнер әлемінінің түрлі бағытын меңгеруге мүмкіндік бар.

АНАР ӘМІРЕНОВА, ЕРТІС БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ ІСІ ОРЫНБАСАРЫ

Бізде фортепиано, көркем өнер, сандық қолданбалы өмір, домбыра, орыс халық аспатраы, ағылшын үйірмелері бар. Бұған дейін ғимарат бізде басқа жерде болды. Кішкене тар болып, орын жетпеді, Осы жерге көшкелі бері балалар саны да көбейді

Өнер мектебі –өңірдің музыка мектептерінің арасында алатын орны ерекше. Ұжымның іскерлігінің арқасында білім ордасында жоғары деңгейде жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектептің материалдық базасы нығайтылып, түрлі аспаптар толығымен жаңартылды. Бұрын жеткіліксіз болған концерттік костюмдер де тігіледі.

НҰРГЕЛДІ БЕРДІҒҰЛ, ВОКАЛ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Балалардың қызығушылығы өте жақсы. Барлығы жақсы қатысады, қызығушылықтары да жақсы. Менде топпен өтеді, яғни хор бар. 30 шақты бала келеді, және индувиальный сабақ беремін

Сондай-ақ, талантты да талапты жастардың жұлдызын жағып, үлкен белестерді бағындырып келеді.Осы мектептің шәкірттері облыстық, республикалық өнер байқауларында топ жарып, биіктен көрініп жүр.

Қазір ауданда өтетін бірде-бір шараны өнер мектебі дарынды балаларының қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Өнер мектебінің күміс көмей, жез таңдай әншілері мен мың бұралған бишілері, көркемсурет бөлімінің суретшілер көрмесі кез келген іс-шараның сәнін кіргізеді. Өз кезегінде бұған ата-аналар да қуанышты.

ВЕРА ПЕТРУША, АТА-АНА

Осы ғимарат көп жылдар бойы бос тұрды. Міне, енді бұл балаларға арналған өнер мектебі деп қайта ашылды. Біз өте қуаныштымыз. Ғимарат жарық, кең, таза. Менің немерем осында келуге қатты асығып тұрады. Оны жылы шыраймен ұстаздар қарсы алады. Әрқашан өзім алып келемін, осындай ғимараттың болғанына қатты қуанамыз, барлық атсалысқа жандарға рахмет айтамын

Осылайша, ауданның мәдени дамуына зор үлес қосып отырған Ертіс балалар өнер мектебіне лайықты ғимарат беріліп, өнердің өрісі кеңейе түсті. Сондай-ақ, белгілі балалар ақыны Мүбарак Жаманбалиновтың ескерткіш тақтасы да орнатылған. Мұның бәрі ел болшағы балаларға жасалған қамқорлықтың бір белгіісі екені анық.

Қымбат Садық