Қазақстан кинематография одағының мүшесі, театр және киноактері Жанас Ахметұлы Ысқақовтың 75 жылдығына «Театр - тарих тағылымы» атты әдеби музыкалық кеш өтті. Шараға актердің туған-туыстары, құрметті ардагерлер мен оқушылар жиналды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Актер 1949 жылы Баянауыл ауданының, Торайғыр ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы драма театрында бастаған. Қазақ театр сахнасында маңызды рөлдерді шебер сомдап, бірнеше фильмдерге түскен. ҚР еңбек сіңірген қайраткеріне арналған кеш ерекше шараға айналды.
МАРЖАН ШАЙХИМОВА, БҰҚАР ЖЫРАУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Бүгінгі күні біздің Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, театр және киноактер Ысқақов Жанас Ахметұлының. 75 жыл толуына орай еске алу кешін өткізіп отырмыз. Бүгінгі күні оның туыстары келіп отыр. Сонымен қатар актердің қорымызда сақталған құнды жәдігерлеріміз көрмеге қойылып отыр. Бүгінгі кешімізге «Ақсиса» орталғынан адамдарымыз және зиялы қауымдар осы кешке келіп отыр.
Актер әрбір фильмде өзінің нағыз шеберлігін көрсете білді. Жанас Ахметұлы өмірінің соңына дейін 50-ден аса көркемфильмдерге түсті, Мысалы режиссер Аркадий Кордонның «Сам елінің ұлы азаматы» фильмде ойнауы актердің әлемдік деңгейдегі биік беделін танытты. Сондай-ақ «Бауырым менің маугли», «Ғажайып Түркістан» фильмдерін сомдаған. Туған туыстары да актердің өмірі мен шығармашылығы туралы жылы естеліктерімен бөлісті.
ФАРИДА ЫСҚАҚОВА, ЖАНАС ЫСҚАҚОВТЫҢ ЖЕҢГЕСІ
Семьясы бар. 3 қыз 1 ұлы бар. Үлкен қызы Астанада, ұлы прокарутурода істейді. 1 қызы балерина, 1 ұлы бухалтер. Балалары жақсы өсті. Оларды өсірген менің қайын сіңілім. Жастайынан жетім қалды ғой. Актер күшті болды. Өзіңді күлдіретін. Бір сәл нәрсеге бола күлдіріп шығатын. Ол Қарағанды да істеді ғой, сонда күшті ойнады. Жақсы, бәрі бағалайтын. Өте өнерлі, ақкөңіл, адамға жаны ашып, мейірім төгіліп тұратын. Сондай адам болған.
Жергілікті музыка ұжымдары қазақ күйлері мен әсем әндер орындап, кештің көркін ашты. Шара соңында құрметті қонақтарға арналған актердің жеке заттары мен құжаттары қойылған шағын көрме ұйымдастырылды.
Сабина Жолдаспаева