Павлодарда 60 миллион теңге кірісі бар заңсыз крипто биржасы жабылды. Сонымен қатар, облыс орталығы мен Екібастұзда екі вейп сақтау орны анықталды. Бұл фактілерді Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері хабарлады.
Павлодардың индустриялық аймағында крипто өндіру орыны анықталды. Олар салық төлеуден жалтарып, электр желілеріне заңсыз қосылған. Бұл іс қазір тергеуде.
ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БІРІНШІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Аталған факті бойынша 214-баптың бірінші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында тиісті тіркеуі жоқ қаржылық платформалар арқылы айырбастау және валюталық операцияларды жүзеге асырған тұлға анықталды. Кіріс көлемі 60 млн теңгені құрады. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Биыл бұл крипто активтеріне қатысты заңсыз әрекет бойынша тіркелген екінші жағдайы.
ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БІРІНШІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Павлодар облысы бойынша жиыны 39 млн теңге болатын заңсыз цифрлық қаржы айналымы тоқтатылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екінші бөлігінің 214-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздесту шарасы кезінде «асики» деп алататын майнинг құрылғы тәркіленді
Сонымен қатар, экономикалық тергеп-тексеру депаратменті екі бірдей вейп қойманы анықтады. Олар Павлодар және Екібастұз қаласынан анықталды. Ол жерден 11 мың дана электронды темекі тәркіленген. Жалпы биыл вейптар мен оларға арналған сұйықтықтарды сатудың 6 жағдайы тіркеліпті.
ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БІРІНШІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Шілде айында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Telegram арнасы арқылы сатылған темекі шегуге тыйым салынған темекі өнімдерін және оларға арналған электронды тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сату фактісі тіркелді. Тінту нәтижесінде 4 800 дана вейп және 3 567 дана сұйықтық тәркіленді. Бұл факті құзырлы органдарға, полиция бөліміне берілді
Жедел-іздестіру шарасы барысында вейп сататын үш сауда дүкені де анықталды. Материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Сонымен қатар, контрафактілік бақылау-тіркеу мөртаңбалары жасанды алкоголь өнімдерін сату және сақтаудың екі фактісі анықталды. Засыз темекі сату деректері де бар.
Жанасыл Серікбол