Достық үйінде жер-су атауларының қалыптасу тарихы атты облыстық форум өтті. Онда өңірдің тарихи атаулары мен мәні жайлы кеңінен айтылды. Тарих қойнауларынан сыр шертілді.
Қазақстанға қатысты жер-су аттарының алғашқы жазба дерегін тарихтың атасы атанған Геродоттың «Әлем картасынан» кездестіреміз. Көненің көзіндей қоғам өмірінің қат-қабат айнасынан сыр шертетін ономастикалық атаулар өңірдің ерекшелігін көрсетіп тұратын маңызды факторлардың бірі емес пе. Сол себепті Павлодар облысында тарихи және идеологиялық тұрғыда ескірген атауларды қайта жаңғырту жүйелі түрде атқарылу үстінде.
МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Кейінгі 2015-2023 жылдары ішінде жалпы алғанда Павлодар облысы бойынша 773 көше, 44 елдімекеннің атауы өзгертілген. Соңғы 2023 жылдың өзіңде-ақ 145 көшенің, 1 кенттің, 8 ауыл мен 6 округтің атауы қайта аталды. Өздеріңіз куә болдыңыздар бұған дейін де осы залда отырған, оның жалғасын бізден кейінгіілерде осы тілдің ономастикасын, тұтқасын ұстап отырған азаматтар біраз еңбек сіңіріп келе жатыр
Павлодар облысы, Қашыр ауданының тарихи атауы боп табылған Тереңкөл, ал Лебяжіге Аққулы атауын қайтару бойынша тиімді атқарылған жұмыстарды ерекше атап өткеніміз жөн. 2004 жылғы зерттеулерге сүйенсек 4000-нан астам, қазір жаңадан жарық көрген географиялық мемлекеттік каталогта 6000-нан астам атау бар. Ол каталогта біздің облыста аталады.
ҚУАТ САПАРОВ, ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР (АСТАНА ҚАЛАСЫ)
Сол каталогтың ішінде Павлодар облысында 6243 атау бар. Соларға қазір классификация жасадық, елдімекен атауларын бір бөлек, жануарлар атаулары сияқты бәрін аудандар бойынша зерттеп жатырмыз
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап облысымызда 120 елдімекеннің атауы қайта аталыпты.
ҚУАТ САПАРОВ, ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР (АСТАНА ҚАЛАСЫ)
Қазақта «туған жерге туынды тік» дейді ғой. Осы жер-су атауларын қадірлеуіміз керек.Өйткені біздің бабаларымыз бәрін бізге қалдырған. Осы жер-су атаулары тарихтың тілі дейді. Бәріміз Ертіс-Баян елінің азаматтарымыз. Туған жеріміздің атауларын қалпына келтіру үшін осындай жұмыстар жүргіземіз, жүргізі береміз
Жер-су атаулары егемен ел екендігімізді білдіретін, ұлттығымызды ұлықтайтын теңдесі жоқ тарихи жәдігер болуымен қатар мемлекетіміздің белгісі, ұлттық нышан.
Қымбат Садық