Сонымен қатар, Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың өкімімен дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы болып Азамат Имашев тағайындалды. Ол 1981 - жылы туған. Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша, Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша аяқтаған.

Ал, еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласының каратэ-до және жекпе-жек өнері федерациясының менеджері болып бастаған. 2007 жылдан бері 2011 жылға дейін осы салада вице-президент болды. 2024 жылдың сәуір айынан бастап туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қымбат Садық