Тереңкөл ауданы Песчанное ауылында Назигүл Әліпова есімді ғажайып жан тұрады. Ол жергілікті мектепте басшы. Ол ұлағатты ұстаз ғана емес, спорттық қайсарлықтың да жарқын үлгісі.

Ол шаңғы жолымен еш іркіліссіз сырғып, алға аршындай басады. Спорт - оның айнымас серігі. 38 жылдық ұстаздық тәжірибесінде спортты еш уақытта шет қалдырған емес. Шаңғымен жай ғана сырғып қана қйомай, әр түрлі қашықтықты жылдамдықты бағындырып та жүр.

НӘЗИГҮЛ ӘЛІПОВА, СПОРТ АРДАГЕРІ

Бұл спортты бала кезімнен өзіме серік еттім. 12-13 жасымда бастадым. Мен Шығыс Қазақстанның тумасымын. Ол жақта шаңғымен таудан сырғанайды. Осыдан 50 жыл бұрын алғаш рет үлкен жүгіруге қатыстым.

Шаңғы ғана емес спорттың өзге түрлері Назигүл Әліпованың ермегі. Сутенд кезінде гандбол ойнап, университет құрамасында өнер көрсеткен. Көптеген жарыстарда жарқын нәтижелерге қол жеткізген.

Жанасыл Серікбол