2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің ауқымды трансформациясы басталады. Оның аясында облысымызда «Socium» платформасы іске қосылады. Жүйе қандай мүмкіндік береді? Алдағы сюжеттен көрейік.

Келер жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге толықтай лицензиялау жүйесінен өту міндеттеледі. Бұл сапаның жоғары болуына, жұмысты бақылауға септігін тигізеді. Жалпы, облыста 7000-ға жуық азамат арнаулы әлеуметтік қызмет алады. Енді бұл мекемелер толықтай цифландыру жүйесіне көшетін болады. Бұл «Socium» ақпараттық жүйесі деп аталады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді 56 мекеме көрсетеді. Оның 12-сі ғана мемлекеттік, қалғаны үкіметтік емес мекемелер болып табылады. Үкіметтік емес мекемелер қызметті бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырыс арқылы жүргізеді. Ал жаңа жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс алынып тасталады, ал қызметтер тек портал арқылы көрсетіледі.

АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Порталға кірген үкіметтік емес мекемелер лицензиядан өткеннен кейін, порталда қызмет көрсету мүмкіншіілктері болады. Сондықтан әр азамат өзі болса да, қамқоршы болса да осы арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу мүмкіншіліктері болады

Аудандарда дәл осындай қызметтерді көрсететін шағын орталықтар ашу жоспарда бар. Жалпы бұл салада жүзеге асатын жаңашылдықтар әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарта түспек.

АЛЬМИРА ДИСЮПОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Осындай шағын орталықтарды ашу үшін біз бизнесті тарту керекпіз. Өйткені бизнес өкілдері әлеуметтік серіктестік жөніндегі мекемелерді ашса, жақсы бір толқыныс болады деп ойлаймыз

Бұдан бөлек өңірде әлеуметтік қызметкерлер тапшылығы байқалады. Қазіргі таңда осы бағытта жоғары оқу орынымен меморандум жасалған, Оның аясында әлеуметтік қызметкер біліктігін арттыра алады.

Қымбат Садық