Келер жылы Павлодарда «Ақылды қала» жобасы іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты.
Ағымдағы жылы Павлодар облысында 73 әлеуметтік нысан жөнделіп, 35 жаңа ғимарат салынып жатыр. Медициналық қызметтердің сапасын көтеру үшін 511 құрал-жабдықтар мен 40 бірлік санитарлық көліп сатып алынды. Келер жылы бұл саланы қамтамасыз ету 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ал, балаларға салынған инвестиция өз жемісін беріп отыр деді, облыс әкімі. Халықараалық, республикалық сайыстарда біздің оқушылар 84 медальға ие болған. Павлодар облысының оқушыларынан құралған команда «2024 жылдың ең үздік олимпиадалық командасы» атанды. Өңір спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 2 мыңнан астам медальдарды иеленді.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Биылғы жылы біз атақты жерлестеміздің мерейтойлары өтті. Театр фестивалі ұйымдастырылды. Оған еліміздің 10 үздік театры қатысты.
Павлодардағы арнайы экономикалық аймақта «Құрамында жоғары көміртекті сульфидті алтын бар концентраттарды қайта өңдеудің гидрометаллургиялық цехы» инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаға инвесторлар 930 млн доллар құйған. Жобаны іске асыру мерзімі — 2023-2028 жылдар. Өндіріс іске қосылса, жаңадан 500 адамға арналған жұмыс орындары құрылмақ. Өңір басшысы Асайын Байханов «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» ЖШС өкілдерімен кездесіп, «Құрамында жоғары көміртекті сульфидті алтын бар концентраттарды қайта өңдеудің гидрометаллургиялық цехы» инвестициялық жобасын іске асыру жоспарларын талқылаған.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біз су жүйесінің құрылысын белсенді жүргізіп жатырмыз. Ауыл тұрғындарының сапалы ауыз суға қолжетімділігі 97 пайызды құрайды. 15 ауылдың 57 нысаны жаңғыртылды. 10 айда 296 мың тұрғын үйді қолдануға бердік. Бұл 27 пайызға артық.
Бұдан бөлек, биыл әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тағы 331 пәтер сатып алынбақ.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Биыл қыркүйек айында Павлодар әуежайын ұшу қону жолағын қайта жаңғырту болады. Екібастұз вокзалын жаңғырту келсі жылы аяқталады. Біздің жұмыстың негізгі қауіпсіздік мәселелері. Полиция департаментінің жедел штабына шығарылды.
2025 жылы «Ақылды қала» ауқымды жобасын облысқа қарасты үш қалада іске қосу жоспарланып отыр. Жағдайды жақсарту үшін 156 әлеуметтік нысанда 5 567 бейнебақылау камерасы орнатылды. 2025 жылы AI-жасанды интеллект аналитикалық платформасын қолдана отырып, облыстың үш қаласында «Ақылды қала» ауқымды жобасын іске асырылады. Сондай-ақ, өңірдің үш қаласында қоғамдық орындарда, 150 қиылыста, 250 желілік және 20 республикалық жол учаскелерінде 4 мың бейнебақылау камерасы орнатылады, деді аймақ басшысы.
Самал Қалиқызы