Ұлттық қауіпсіздік органдары биыл 4 террористік актінің алдын алған. Президент қабылдауында болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы осылай деді. Ермек Сағымбаевтың есебінше, лаңкестік қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 6 қазақстандық Сирия мен Түркиядан елге қайтарылды. Оның екеуі артынша сотталды.

Терроризм мен экстремизмге қатысы бар 800-ден астам шетел азаматының Қазақстанға кіруіне тосқауыл қойылды. Сондай-ақ, 19 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Ірі көлемдегі заңсыз қару-жарақ пен есірткі тәркіленді. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық әрекет жасағаны үшін 46 адам сотталған. Олардың мемлекетке 1,6 триллион теңге залал келтіруіне жол берілмеді. Сондай-ақ, мемлекеттік шекарада құқық бұзған 55 мың адам ұсталды. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жасалған 552 миллионнан астам кибершабуылды тойтарыс берді. Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік орган қызметіне бірқатар тапсырма берді.