Биыл Павлодар облысында 19,8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Оның түрлі себептері бар. Нәтижесінде жайылымдық жерлер мұқтаж халыққа бөлінді. Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар облысындағы жайылымдық жерлер облыстың барлық аумағының

66 % алып жатыр. Облыс бойынша жайылымдардың жалпы ауданы 8 276,9 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен азаматтарға 5 141,6 мың га бекітілген, халықтың мұқтаждығы үшін 1 611,1 мың га қоғамдық жайылым бар, жер қорында 435 мың га жайылым пайдалануға жарамды.

МҰРАТ ХАМИТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

19,8 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Елдімекендердің жайылым алаңдары ұлғайтылды. Азаматтарға тауар өндірушілерге 14 мың гектар жайылымдық жер берілді. Конкурс арқылы ғана жүзеге асырылады.

2024 жылдың басында жер қатынастары басқармасы Ақсу және Екібастұз қалалары, Ақтоғай, Баянауыл, Железин және Май аудандары мен Тереңкөл ауданы бойынша табиғи жемшөп алқаптарын геоботаникалық зерттеу материалдарын зерделеді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 717,2 мың гектар табиғи жем-шөп алқаптары анықталды, онда көпжылдық шөптерді егу немесе шалғындау ұсынылды, оның ішінде 40 мың гектарға жуығы елді мекендер шегінде қоғамдық жайылымдарда анықталды. Айта кетейік, геоботаникалық зерттеулер жайылымды жерлер тапшы ауданда жүргізіледі. Павлодар ауданының Чернорецк, Жаңақала, Мичурин ауылдарында жер жетіспейді деді басқарма басшысы.

МҰРАТ ХАМИТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыс бойынша тозған құлатылған және 21,1 гектар жер аумағы. Май ауданында 45,8, Ертіс ауданы, Шарбақты аудандарында 30 мың гектар.

Айта кетейік, қазіргі уақытта жайылымды жерлер конкурстан тыс берілмейді.

Самал Қалиқызы