Мемлекеттік қызметті негізсіз ұсынбау фактілері жиі кездеседі. Павлодар облысында 2024 жылы осындай 7 мыңға жуық жағдай тіркелген. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен жыл басынан тексерістер жүргізілді. Нәтижесінде 7 мыңға жуық бұзушылықтар анықталды, 1200-інде қызмет алушының құқығы қорғалды.

АНАР МОЛДАГЕЛДИНОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Тексеру жұмыстары кезінде Евгеньевка ауылдық округі әкімдігінің аппаратында негізсіз мемлекеттік қызметті ұсынбау фактілері тіркелген. Қызмет алушы жер телімін алуға 4 рет өтініш білдірген. Тек 4 ретте ғана өз жер телімін алған. Алғашқы 3 ретте негізсіз мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның барлық құжаттары дұрыс болған.

Осы ретте департаментте мемлекеттік қызмет заңнамаларын бұзбауға, ондай фактілер тіркелгенде қызмет алушыларға бірден ҚР Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жүгінуге шақырады.

Самал Қалиқызы