«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Аққулы ауданы Жабағлы ауылында медициналық пункт ашылды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Жабағлы ауылы аудан орталығынан шалғай жатыр. Бұрын арнайы медициналық нысан болмаған. Дәрігер науқастарды мектептің бөлмесінде қабылдайтын. Мемлекет басшысының ұлттық жобасы арқылы елдімекеннің 228 тұрғыны енді алғашқы жәрдем ала алады. Медициналық нысанның ашылуына аудан әкімі Руслан Мұқанов қатысты.
РУСЛАН МҰҚАНОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жаңа медициналық пунктің ашылуына куәгері болып отырмыз. Сіздерді шын жүректен бүгінгі атаулы шарамен құттықтаймын. Баршамыз білеміз осы бағдарламаның бастамасы болған еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық денсаулықты жаңғырту бағдарламасы аясында биыл облысымызда 30 осындай шағын ауылдарда медициналық пунктардың құрылыс жүріп жатты. Міне бүгін 30 ауылдың бірі сіздердің ауылдарыңыз. Бүшін ашып жатырмыз. Қуаныштарыңыз құтты болсын. ... ауырмаңызда.
Салтанатты ашылуында ауыл ақсақалдары лента қиып, ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашты.
Медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Онда күндізгі стационар, жара тану және екпе егу кабинеті. Дәріхана бар.
ГҮЛДЕН ТҰРСЫНХАНОВА, УЧАСКЕЛІК МЕДБИКЕ
Ультра күлгін аппаратттар бар. Құлақ тамақ ауырған кезде емдейтін және магнитті ПТЛ аппараты бед буын ауруларына қатысты ауруларды емдейтін одан басқа небулайзерлер жедел көмек көрсететін сосын жаңадан шыққан. Және тағы басқа керек аппараттар бар.
Ауыл ақсақалы Жеңіс Айғожин соңғы уақытта орындалған істерге тоқталды. Биыл балалар, спорт алаңдары салынып, пайдалануға берілген екен.
ЖЕҢІС АЙҒОЖИН, ЖАБАҒЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Біз қуаныштымыз ауылмен бірге. Барлығымыздың тілегі ауылдастарымыз осы мұндай өте жақсы әсем мед пункт салынуына сол сияқты спорт алаңын істеді балаларға арналған. Сонымен қатар Жабағлы ауылында алдыңғы қатарлы мектеп бар. Іші барлығы істелінген бүгінгі талап бойынша.
Айта кетейік, өңірде жыл соңына дейін 30 медициналық нысан халық игілігіне тапсырлады деп жоспарланған.
Әйгерім Тоқпанқызы