Биыл Парламент халықтың құқығын қорғайтын көптеген заң қабылдады. Ең маңызды деген 10 құжатқа тоқталсақ.

Біріншісі - Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы Заң. Оның миссиясы - жазаны қатайту, жәбірленушілерге көмек көрсету үшін елімізде отбасын қолдау орталықтарын құру. Екіншісі – Масс медиа заңы. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнама жаңартылып, оған интернет-ресурстары қосылды. БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдегі отандық теле және радиобағдарламалардың үлесі 60% дейін ұлғайтылды. Президент бастамасымен "Ұлттық қор - балаларға" жаңа бағдарламасы іске асты. Қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% балалар 18 жасқа толғанша арнайы жинақтаушы есепшоттарына аударылып отырады. Биыл қабылданған петиция туралы заң да "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындауға бағытталған. Бұдан бөлек, «Ойын бизнесі» туралы құжат құмар ойынға тәуелділікті төмендетуге, әлеуметтік осал топтарды қорғауға және ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігін арттыру туралы нормалар енгізілді. Осы жылы кредитке қатысты да заң қабылданды. Азаматтар енді электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы банктер мен микро қаржы ұйымдарынан қарыз алудан ерікті түрде бас тарту құқығы берілді. Ол интернет-алаяқтықпен күресуге, қарызды рұқсатсыз рәсімдеудің жолын кесуге және халықтың кредит алуын азайтуға бағытталған.