50 мың халқы бар Ақсудың жылу жүйесінде апат болды. Қазір шаһардағы барлық тұрғын үй мен әлеуметтік мекемеде, өндірістік ұйымдарда жылу батареялары салқындаған.

Ақсу қаласының халқы -18 градус аязда жылусыз қалып отыр. Бүгін сағат 07:00-де «2 аудандық жылыту қазандығындағы №5 және №6 желілік сорғылардың бекіту арматурасының істен шығуына байланысты аталған желілік сорғыларда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін тоқтатылған. Сондықтан Ақсу қаласының жылумен жабдықтау желілерінде жылу беру параметрлері төмендеді. Сағат 09.30-дағы жағдай бойынша істен шыққан ысырмалар бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, жылу желісінің параметрлері қалпына келтіріліп жатыр.

Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов болып қайтқан. Қала әкімдігі жылумен жабдықтау 2-3 сағатта толықтай қалпына келтіріледі деп сендіріп отыр.