Дәрігерлер жарақат алған тұрғындар саны артқанын айтады. Қандай сақтық шараларын ұстанған жөн? Толығырақ келесі сюжетте.

Қалалық ауруханаға түрлі жарақат алған адамдар көптеп түседі. Мәселен кезекші күндері 53 адам, оның ішінде көктайғақтан құлаған 12 адам дәрігер көмегіне жүгінген. 6 адамға гипс салынған. Демалыс күндеріндегі қатты аяздан үсік алғандар да болған. Оларға дер кезінде амбулаторлық көмек көрсетілген.

ДӘУРЕН СМАҒҰЛОВ, ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕР

Травмотология бөлімінде 22 адам ем алып жатыр. Олардың көбіне шұғыл көмек қажет болып, ауруханаға әкелінді. 20 жастан бастап, 80 жастағы қарт адамдар бар. Егер жарақаты ауыр болған жағдай да дереу ота жасаймыз. Қазір пациенттерге тиісті емдік шаралар көрсетіліп жатыр

Мамандар азаматтарға қыста абай болуға және мұзды жерде жүру кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

ДӘУРЕН СМАҒҰЛОВ, ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕР

Қатты аяз күндері көшеде көп жүріп қалмау керек. Ал көктайғақ кезінде дұрыс аяқ киім киіп, құлап қалмаудан сақтанған жөн. Қыс мезгілінде жарақат алу қауіпі жоғары. Сондықтан барынша сақ болған жөн

Жарақат алғандардың басым бөлігі ем-дом қабылдап, үйлеріне жіберілсе, жағдайы ауыр адамдар ауруханаға жатқызылды.

Қымбат Садық