Елімізде мемлекеттік қызметшілер қазына бюджеті есебінен біліктілігін арттыруға және қайта даярлаудан өтуге құқылы. Бірақ бұл ретте заңнама талаптарының сақталмағаны анықталды. Толығырақ келесі сюжетте.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен 2024 жылы мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселесі бойынша талдау жүргізілді. Оқыту қайта даярлау және біліктілікті арттырудан тұрады.
ЕРҒАНАТ АБИСАЛИКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік бюджет есебінен біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға өтуге құқылы. Дегенмен талдау нәтижелерімен кейбір мемлекеттік органдардың заңнама талаптары сақталмайтыны анықталды. Іссапар шығындарын төлемеу фактілері анықталды. Оның құқықтары қалпына келтірілді. Тәртіптік ажуапкершілікке тартылған болатын.
Жалпы талдау нәтижелері бойынша 55 мемлекеттік қызметшінің оқуға жіберу мерзіміне байланысты құқықтары қорғалды. Негізі мемлекеттік қызметші тағайындалғаннан кейін жарты жыл ішінде қайта даярлаудан өтіп, біліктілігін арттыру қажет.
Самал Қалиқызы