Павлодар қаласында биыл көп жұмыс жасалды. Жолдар жөнделіп, асфальт төселіп, жылу желілерінің біразы қалыпқа келтірілді. Осы бойынша қала әкімі халық алдында баяндамасын ұсынды. Толығырақ тілшіміз айтсын.
Биыл жыылту маусымы ерте басталды. желінің 85 пайызы тозғандықтан жыл сайын құбыр жөнделіп, қалыпқа келтірілуде. Осылайша 2024 жылы 2,6 шақырым болатын №13 жылу магистралінің құрылысы аяқталды. Соның арқасында 230 үйде жылу берудің сапасы жақсарды.
ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Электрмен жабдықтау желілері бойынша маған электрдің сөнуі бойынша көп шағым келіп түседі. 180.2 кабелдік желілері жөнделіп. Жөндеу жұмыстары аппатық жиі аумақтарын қамтыды. Сондай-ақ Кенжекөл, Теміржолшылар кенті.
Сонымен қатар, қала ішінде, сыртқы көшелерде жарықтандыру желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары 50-ден астам аула, саябақ, өткелдерді қамтыды. Өндірістік кәсіпорындарға апаратын жолдар жарықтандырылды.
ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Көшелерді асфальттау, биыл 33,1 шақырым жол асфальтталды. 14 көшеде 44 шақырым жол асфальтталды. Автодромға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Көлемі 70 мың шаршы метрді құрайтын жолдардың шұңқырлары тегістелді. 2025 жылы қаланың МДС және Элеватор шағын аудандарында ұзындығы 17,2 шақырым болатын 22 көшеге асфальт төселеді.
ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қала тұрғындарының өтініштері бойынша жаңадан 11 бағдаршам орнатылады. 2 бағдаршам жаңартылды. Келесі жылы 16 шақырым 13 учаскеде жаяу жүргіншілер жолын жөндеуге жоспарлап отырмыз.
Қаламызда екі аумақта абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл қалалық жағалау мен Лермонтов көшесі бойында. Жобалар екі жылдық. Биыл жолжиектер ауыстырылып, тартанды жабындылар төселді, металл қоршаулар орнатылды. Ал, Лермонтов көшесі бойында 19 үйдің сырты сырланды. Одан бөлек, биыл 108 балалар алаңы орнатылды, келер жылы тағы 50-і қойылады.
ХАСАР ХАБЫЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Биыл 8 шағын саябақ құрылыс жұмыстары аяқталды. Биыл Зеленоя роща жұмысы аяқталып, 11 желтоқсаннан ашылды. 12 мың түп көшет отырғызылды.
Қала әкімінің баяндамасынан кейін тұрғындар сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Алғашқы сұрақ Мойылды кенті жанындағы зираттың қоршауына қатысты болды.
Бұл мәселені қала әкімі білім беру басқармасымен бірге шешетінін айтты. Келесі кезекте теміржолшылар кентінде жол мәселесі бойынша сұрақ түсті.
Қала әкімі Хасар Хабылбеков тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне жол мәселесі бойынша сметалық-құжаттама әзірлеуді тапсырды.
Самал Қалиқызы