Тереңкөл ауданы Береговое ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Енді ауылдықтар осында қуанышты мерекелі күндерін атап өтетін болады.

Береговое ауылында мәдениет үйі биыл күрделі жөндеуден өтті. Жобаға бюджеттен 340 млн теңге жұмсалды. Бұл сомаға мәдениет үйінің кабинеттері бәрі жөнделіп, заманауи жабдықтармен қамтылды.

АЗАМАТ МАҢҒҰТОВ, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Құрметті Береговое ауылының тұрғындары мен қонақтары. Мәдениет ұлттың бейнесі, рухани болмысы, ақыл ойы деп халқымыз текке айтпасқа керек. Қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл күн көптен күткен қуанышы деуге болады.

Айта кетейік, мәдениет үйі 150 орынға шақталған. Осында енді Береговое ауылының тұрғындары барлық қуанышты күндерін атап өтетін болады.

Самал Қалиқызы