Павлодарда Исатай Қапаевты еске алуға арналған дәстүрлі Тоғызқұмалақ турнирі өтті. Бұл жарыс жыл сайын өткізіліп, ұлттық спорттың дамуында маңызды шаралардың бірі болып табылады. Биылғы турнир республикалық және облыстық ашық форматта өтті.

Турнир 4 күнге созылды. Таңертең республикалық деңгейдегі жарыс өткізілсе, түстен кейін облыстық ашық турнир жалғасын тапты. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Павлодар облысының әр ауданынан спортшылар келіп, бақ сынады.

АРЫСТАН ҚАПАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

120 дан астам кісі қатысты. Мықты өтті жарыс. Облыс бойынша 160 адам оапйнады. Бүкіл 10аймақ болды. 3 қала болды. Осы қонақтар келді. Барлығы марапатталады. Отбасы атынан.

Исатай Қапаевтың жұбайы турнирдің құрметті куәгері ретінде қатысып, жарыстың маңыздылығын атап өтті.

 Логикалық ойлау қабілетін дамытатын додаға жасөспірімдер де, тәжірибелі шеберлер де қатысты. Жабылу рәсімінде үздік қатысушылар марапатталып, жеңімпаздарға медальдар мен дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Бұл турнир ұлттық спортты дамытуға қосылған зор үлес. Жарыс жыл сайын үздіктерді анықтайтын маңызды алаң ретінде жалғасын табады.

Сабина Жолдаспаева