Павлодар облысында жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторында өрт оқиғалары жиілеп, 32 жағдай тіркелді. 2 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған.
Өрттер саны өткен жылмен салыстырғанда 14,2%-ға өскен. Материалдық шығын көлемі 9,41 миллион теңгені құрады.Өрттің негізгі себебі – электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау, пешті орнату және пайдалану ережелерін бұзу.
Алдын алу шаралары аясында 1131 улы газ датчигі орнатылып, 6865 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өрттің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.
Сабина Жолдаспаева