Асқазан және бауырдың қатерлі ісігі жайлы хабардар болуы айлығы басталды. Бұл аурулардың алғашқы белгілері жайлы дәрігер баяндайды.
Павлодар онкологиялық диспансерінде жыл сайын асқазан және бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққан науқастар көбейіп келеді. Биыл тағы 179 адам тіркелді. Бес жылдан астам уақыт ішінде 216 адам осы дертке шалдыққан еді.
ҒАЛЫМЖАН ТЕМІРҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІ ЖАЛПЫ ОНКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ОРДИНАРЫ
Өкінішке қарай асқазанның да, бауырдың да қатерлі ісігі анық белгі бермейді. Көбінесе кеш анықталып жатады. Ол кезде адамның тәбеті өзгеріп, әлсіздік пайда болады. Жүрегі айнып, лоқсиды. Әсіресе ет тағамдарын жеу қиын болады. Терісі сарғайып, денесі қышиды
Айта кету керек, онкологиялық аурулардың бұл түрлері үнсіз дамығанымен, олар көбінесе медициналық тексеру кезінде ерте кезеңдерінде анықталады. Онкологиялық диспансерде есепте тұрған асқазан обырына шалдыққандардың 50 пайыздан астамы, бауыр обырымен науқастанатындарың 30 пайыздан астамы медициналық жолмен анықталған. .
ҒАЛЫМЖАН ТЕМІРҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІ ЖАЛПЫ ОНКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ОРДИНАРЫ
Сондықтан дер кезінде анықтауға әрекет етіп, алдын алу шараларына баса мән беру керек. Ісікті ерте сатысында анықтау үшін профилактикалық тексерулерден өту керек. 55 жастан асқан адамдар үш жыл сайын гастроскопиядан өтіп, тексерілген жөн. Созылмалы аурулары, әсіресе бауырдың қабыну аурулары, гепатиті, церрозы бар науқастар жылына кемінде үш рет тексерілу керек
Дәрігер дәл осы адамдардың ағзасы қатерлі ісікке бейім екенін айтады. Өйткені ауру зақымдалған жасушалардан тез таралады. Көбінесе егде жастағы адамдардың жасушалары жиі қабынып жатады.
ҒАЛЫМЖАН ТЕМІРҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІ ЖАЛПЫ ОНКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ОРДИНАРЫ
Алдын алу шараларының бірі – Б гепатитіне қарсы уақытылы екпе алу және гепатиттің осы түрлерін сапалы емдеу. Сондай-ақ диета да маңызды роль атқарады. Өмір салтын, диетаны өзгертіп, алкогольден бас тарту немесе шектеу керек
Айтпақшы, бауыр ісігі тіпті спортшыларда да кездеседі. Бірақ олар анаболикалық стероидтерді қабылдайтындар аарсында көптеп кездеседі. Сондай-ақ, дәрігерлер бұршақ дақылдары мен бидай сатып аларда да ұқыпты болуға кеңес береді.
Жанасыл Серікбол