«Ертіс Орманы» табиғи резерваты қылқан жапырақты ағаштарды қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Қарағай бүрлерін жинау науқаны-орманды қайта жаңғырту бағдарламасының алғашқы және аса маңызды кезеңдерінің бірі.
Бүр жинау жұмыстары қараша айында басталды. Қарағайдан сапалы тұқым алу үшін, бүрлер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Олар толықтай піскен, ұзындығы 3-7 сантиметр аралығында және деформациясыз болуы шарт. Қабыршақтары тығыз жабылған бүрлер, сапалы тұқымның белгісі саналады.
Тұқымнан өсірілген көшеттер екі жыл бойы арнайы орындарда күтіп-бапталады. Тамыр жүйесі күшейгеннен кейін, олар өртенген немесе кесілген орман алқаптарына отырғызылады. Бұл үрдіс орман өртінен зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру үшін маңызды.
МАРАТ АМАНОВ, «ЕРТІС ОРМАНЫ» ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ШАЛДАЙ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шалдай филиалы жылына шамамен 4,5 гектар жерге тұқым егеді. Бір гектарға бірінші санаттағы тұқымнан шамамен 90 килі тұқым себіледі. Екі жыл бойы тұқымдар жабық тамыр жүйесінде өсіріліп, кейін орман мәдениеті алқаптарына отырғызылады. Осылайша, біз 1990-жылдардағы өрттерден қалған қараусыз жерлерді қалпына келтіреміз
Биылғы күз, қылқан жапырақты ағаштар үшін ерекше қолайлы болды. Жұмсақ ауа райы мен ылғалдың жеткілікті болуы бүрдің мол өнім беруіне ықпал етті.
МЕРХАТ БҮРКІТБАВ, ОРМАН ШЕБЕРІ
Бүршік теру процесі оңай көрінгенімен бұл қиын процесс. Ағаштың сапасы пісгенінен таңдауымыз керек. Піскнн бүршік осындай қоңыр түсті болу керек. құрғақ болу керек. Сапалы тұқы шығады. Жергілікті тұқымға апараып 2 жыда демісін береді.
«Ертіс Орманы» табиғи резерваты жыл сайын орманды қалпына келтіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, Қазақстанның табиғи байлығын сақтауға және жасыл желекті көбейтуге елеулі үлес қосуда.
Сабина Жолдаспаева