Сегізінші желтоқсан күні мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Бұл мерзімінен бұрын өкілеттілігін тоқтатқандардың орнына сайланатын таңдау болды. Тілші әңгімесінде.
Павлодар өңірінде облыстық мәслихатқа 14-ші округтен, қалалық мәслихаттың 10 округынан және Успен ауданынан, жалпы саны 3 кандидат сайлауға түсті. Дауыс берудің нәтижесі белгілі болды.
МӘЛИКА ҚАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ
Облыстық мәслихатқа сайлауға қатысқан Дычку Николай Васильевич 77,7 пайыз дауыс жинады. Павлодар қалалық мәслихатқа Серікбай Тимур Қанашұлы өтті. Оған тұрғындар 82,3 процент таңдау жасады. Ал Успен ауданынан сайлауға түскен Теплая Наталья Анатольевна 88,3 пайыз дауыс жинаған.
Сайлау барысын 55 бақылаушы, партия өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары бақылады.
Әйгерім Тоқпанқызы