Павлодарда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аяқталды. Шара аясында ауқымды алдын-алу шаралары атқарылып, ағартушылық жұмыстары жүргізілді.

Шараның негізгі мақсаты әйелдер мен балалардың жапа шегу жағдайына тосқауыл қою. Бұл бағыттағы құқықтық негіздерді түсіндіру. Қоғамда әйелдер мен балалардың отбасында жапа шегуіне нөлдік төзімділікті қалыптастыру.

СВЕТЛАНА ГЛАДЫШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

=Біздің негізгі мақсатымыз – мемлекеттік мекеме ретінде өзге де мүдделі мекемелермен бірлесіп алдын-алу шараларын күшейту. Әйелдер мен балалардың қауіпсіз екендігін, қорғауда екендігін көрсету. Бұл бағытта жыл сайын әр түрлі шаралар атқарылады. Биыл 30 дан астам алдын-алу шаралары өткізілді.

16 күндік акцияға мемлекеттік мекемелерден бөлек азаматтық қоғам өкілдері де ат салысты.

Акция аясында әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер ұйымдастырылды, сондай-ақ конференциялар, дөңгелек үстелдер, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында арт-перфоманс және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жанасыл Серікбол