Павлодардағы облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Үшеуі де ұл бала. Бүгін жергілікті атқамінерлер үшемнің анасын құттықтап, бауы берік болсын айтты!

Осылай деген облыс әкімінің орынбасар Айгүл Мәлікова үшемді өмірге әкелген анаға гүл шоқтарын табыстады. Бұл-Зарина Мәмбетованың екінші рет босануы. Алғашқысы да ұл бала. Оның жасы қазір сегізде.

ЗАРИНА МӘМБЕТОВА, ҮШЕМНІҢ АНАСЫ

Үшем болады деп күтпедік, әрине. Алаңдаушылық болды. Бірақ, барлығына дайынмын. Айналамда қолдаушылар көп болды. Номері екінші емхананың дәрігері Айжан Хамитқызына, өзге де қолдау білдірген жандардың бәріне алғыс айтамын. Сол кісілердің арқасында бәрі жақсы болды

Нәрестелердің анасы Зарина Мәмбемтова мектепте ұстаз болып қызмет атқарса, әкесі мұнай-химия зауытында еңбек етеді. Нәрестелердің есімін отағасы қойыпты. Биыл осы уақытқа дейін облыстық перинталдық орталықты 3700 ге жуық сәби өмірге келіпті. Олардың 48-і егіз. Былтыр 54 егіз дүние есігін ақшан екен. Ал, үшем биыл алғаш рет дүние есігін ашып отыр.

Жанасыл Серікбол