Павлодарға Абай облысының Әміре Қашаубаев атындағы филармониясының вокалды аспаптық ансамбльі концерттік бағдарламамен келді. Шара Павлодар және Абай облыстарының филармония ұжымдары арасындағы меморандум негізінде іске асты.
Ән шашу. Күй тарту. Абай облыстық филармониясының құрылғанына көп болмаған ансамбльі өз өнерлерін Кереку жерінде көрсетті. Өнер десе ішкен асын жерге қойған жұртшылық семейлік өнерпаздардың шама-шарқын бағалауға жиналды.
Өнер алмасу, шығармашылық байланыс әр уақытта да маңызды. Ертіс бойында орналасқан екі облыстың өнердегі терең мазмұнды байланысы бұрыннан бар. Бүгін де жалғасын тауып жатыр.
Өнермаздардың әні мен күйіне қол соққан жұртшылық бұндай мағынаы концерттер алдағы уақытта да жалғасатындығынан үмітті.
Жанасыл Серікбол