Жыл басынан бері өңірде «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде 3,3 млрд.теңгені құрайтын бір инвестициялық бағдарлама бекітіліпті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брфингте айтылды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 52 табиғи монополия субъектілерінің 82 қызметі реттейді. Олардың қатарында 19 шекті тарифтер бойынша жұмыс істейді, ал 33 қуаты төмен субъектілер қатарына жатады. 15,3 млрд.теңге жуық сомасында инвестициялар тартылған. 2027 жылға дейін бұл көрсеткіш шамамен 64 млрд. теңгені құрамақ екен.
НҰРЛАН НҰРМҰРАТОВ, ҚР ҰЭМ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
5 табиғи монополия субъектісіне тексерістер жүргізіп, 34 млн теңгедей айыппұл салынды. Соның 30 млн теңгесі мемлекет табысына енгізілді. Осы тексерістердің нәтижеінде, одан бөлек келіп тұскен ақпарат нәтижесінде әкімшілік істер қозғалды, сондай жұмыстар жүргізілді
Ал тарифті сметаларды орындау бойынша 97 және инвестициялық бағдарламалар бойынша 28 есеп келіп түсті. Сондай-ақ, тарифті бекітуге 196 өтінім келіп түскен екен.
Қымбат Садық