Ақсу қаласында Қаныш Сәтбаевтің 125 жылдығы мен академик атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 25 жылдығына арналып «Кіші Ғылым академиясы» атты кабинеттің ашылуы өтті. Толығырақ тіліш материалында.
Ақсу қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияға биыл 25 жыл толады. Осыған орай білім ордасында Қаныш Сәтбаев атындағы Кіші Ғылым академиясы кабинеті қолданысқа берілді.
ӘСКЕРБЕК ДҮЙСЕНБАЕВ, ҚАНЫШ СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгін гимназия тарихына алтын әріппен енетін айтулы күн. Қазақ Ғылым Академиясының негізін салушы,Президенті Қаныш Сәтбаевтың есімімен кіші Ғылым академиясын аштық. Осыдан екі жыл бұрын біз гимназиға Қаныш Сәтбаевтың есімін алған болатынбыз, сонда өзімізге ғалым есімімен академия ашамыз деп мақсат қойдық. Бұл академия оқушылардың білімге, зерттеуге деген ұмтылыстың кілті болмақ. Болашақта бұл акадеимядан Қаныштай ғалымдар шығатынына, оның ізін жалғастыратын, ғылыми жаңалықтар ашатын шәкірттер көп болатынына сенімдіміз
Айта кетейік, былтыр гимназия облыс әкімі грантын жеңіп алған. Ол қаражатқа кабинетке жөндеу жұмыстары жасалып, жиһаздар, ноутбуктар сатып алынды. Ұжым өңіріміздегі жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста.
ӘСКЕРБЕК ДҮЙСЕНБАЕВ, ҚАНЫШ СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл кабинетте сонымен қатар біз ғалымның еңбегін толығымен енгізуге тырыстық. Назар аударсаңыздар қарама-қарсы стенд «Қазақ жерінің қойыны толған қазына» деп аталды. Онда ғалымның қазақ ғылымына енгізілген еңбектері толық қамтылған. Кьюар-код арқылы кіріп, ғалымның бізге қалдырып кеткен мол қазынасымен таныса алады
Аталмыш кабинетте ғылыми ізденіс үшін барлық жағдай қарастырылған. Мұнда Академик Қаныш Сәтбаевтің жолын жалғастырып, білімін шыңдап жүрген оқушылар қатары көп.
ӘСКЕРБЕК ДҮЙСЕНБАЕВ, ҚАНЫШ СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бізде биыл 2024-2025 оқу жылында облыстық ғылыми жоба сайысына 29 оқушы, «Зерде» зерттеу жұмыстарына 21 оқушы өз жұмысын ұсынды. Яғни, 25 жылдық тарихы бар мектепте ғылымға деген бет-бұрыс бар. Осы академияның арқасында біздің балалар одан сайын көп ғылымға бет бұрады деп ойлаймын
Дарынды балаларға арналған гимназияда 40 педагог еңбек етеді, 354 оқушы білім алады. Алдағы уақытта жаңадан ашылған кабинет жұмысы жағымды жаңалықтарымен қуантпақ.
Қымбат Садық