Он мыңнан аса халқы бар Май ауданында 22 елдімекен бар. Былтыр бірнеше ауылға тас жол төселіп, әлеуметтік нысан бой көтерді. Биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында бірнеше әлеуметтік нысан бой көтереді. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар алаңында аудан әкімі Қадылжан Сәтиев айтты.

Май ауданы экономикасы дамыған аудандардың бірі. Ауыл, сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі артқан. Өлкенің дамуына биыл 20 млрд теңге инвестиция құйылған екен.

ҚАДЫЛЖАН СӘТИЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауданнымыздың тұрақты өсуде. Барлық көрсеткіштерде оң динамика бар. 20 млрд теңгеден аса инвестиция тартылды. Экономиканың ауыл шаруашылығы көлемі 22 млрд теңге құрап. Мал басы өсіп, ... тұрақты дамуының белгісі.

Былтыр жыл аяғында Ақшиман және Ақжар медициналық пункт ашылды. Бұдан басқа Қаратерек ауылында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Сол ауылда 2 шақырымнан аса жол жөнделді.Сондай-ақ Май, Қызылеңбек, Абай ауылындарының кіре беріс жолдары жаңарды. Аудан орталығындағы аурухананың кәріз жүйесі жөнделді.

ҚАДЫЛЖАН СӘТИЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 Бұдан басқа 2009 жылы орталық аурухананы салғаннан бері пайда болған мәселе күрделі. Жер асты суларының көтерілуі салдарынан. Облыс әкімі келген кезде жобаны жасап, қаражатын бөліп, жұмыстардың бәрін атқардық. Дренаждық жүйе жасаланды. 2 шақырым құбыр салынды.

«Ауыл ел бесігі» игілікті жоба. Шалғайдағы ауылдарға тіршілік нәрі таза ауыз су, жылу, тас жол жетті. Биыл да жалғаспақ.

ҚАДЫЛЖАН СӘТИЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

2025жылға жоспарланған жұмыстары туралы айта кетейін. Ең біріншіден оқу мекемелерін күрделі жөндеуден үш елдімекенде жұмыстар жүргізілетін болады. Баскөл, Майтүбек, Ауыл ел бесігі бағдарламасына Баскөл ауылы кіріп отыр. Ішкі жолдар, көше шамдарын ауыстырамыз.

Соңғы уақытта өңірдің қай ауданын алсақ та шаруалар жайылым тапшылығы өткір тұрғанын айтады. Аудан басшысының айтуынша бұл түйткілді сұрақтар кезең-кезеңімен орындалады.

Әйгерім Тоқпанқызы