Павлодарда тұрғындар картоп бағасы қымбаттады деп шағымдануда. Әлеуметтік азық-түлік тауарлар тізіміне кіретін өнім құны келісі үшін 300 теңгеден асып жығылған. Астықты өлкеде бағаның күрт көтеріліп кетуіне не себеп? Тілші материалынан көрейік.

Қала дүкендерінде картоптың 1 келісі 200, 230, тіпті 300 теңгеден саудаланып жатыр. Айта кету керек, аталмыш көкөніс түрінің бағасын негізсіз қымбаттатуға болмайды. Себебі бұл өнім әлеуметтік азық-түлік тауарлар тізіміне жатады. Сондықтан бағаның күрт көтеріліп кетуіне байланысты тұрғындар шағымын айтты.

Бұған дейін облыс әкімдігі мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін кәсіпкерлер бағаны тұрақты ұстау үшін меморандумға қол қойған еді. Кәсіпкерлік басқармасының айтуынша қаңтар айында Грузиядан келген картоптың партиясы нарыққа шықты. Бағасы 250 теңгеден асқан. Ал жергілікті серіктес дүкендерде тұрақты бағамен саудалануда, жетіспеушілік жоқ дейді жауаптылар.

Бүгін қаламыздағы бес дүкенге келісі 120 теңгеден болатын картоп жеткізілді. Қала бойынша картопты осы бағамен сатып алуға болатын 58 нүкте бар. Сондай-ақ, көкөністі гипермаркеттердің ірі желілеріне және "Жайлау"базарына жеткізу жоспарлануда. Жалппы 102 дүкен қамтылмақ. Айта кетейік, былтыр Павлодар облысы елімізде картоп өсіруден көш бастады. Ресми дерек бойынша 750 мың тоннадан астам өнім жиналған.

Қымбат Садық