Оқушылар мен студенттер экологияны қалай қорғай алатыны жайлы идеяларымен бөлісті. «Жасыл скул» республикалық акциясы кезекті мәрте ұйымдастырылды. Толығырақ келесі сюжетте.
Экологиялық проблемалар әлі де өзекті. Бір аудан, қала түгілі әлемде экологиялық өзгерістер болып жатыр. Сондықтан өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру шаралары күнтәртібінде. Осындай мақсатта қолға алынған жұмыстар да маңызды.
НҰРХАН ЕРАЛЫ, СТУДЕНТТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Осындай іс шараларға мен алдыңғы жылдан бастап қатысып келемін. Осында шаралар үлкен экогиялық пробелмалардың алдын алады деп ойлаймын. Идеяларын айтады, жобаларын ұсынады. Керек дей ойлаймын, әлемнің өзінде көптеген экологиялық проблемалар болып жатыр. Ешқашан шеше алмаймыз деп ойлаймын.
«Жасыл скул» республикалық акциясы дәстүрге айналған шара. 3 кезеңнен тұрады. Қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап береді, қайта өнделген заттар жобасын таныстырады, шығармашылықтарын да көрсетеді. Бұл әсіресе оқушыларды қызықтыратын акция.
ТАИСИЯ НИКУЛИНА, №32 ЖОББ МЕКТЕБІНІҢ 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Мен мектепте экология министрімін. Біз бөтелкелердің қақпақтарын жинаймыз, оны тапсырып, жиналғасын ақшасын сырқаттанған балалардың еміне жібереміз. Одан бөлек қоқыстарды жинаймыз. Көктемде көшеттер отырғызамыз. Құстарға үйшіктер жасаймыз. Барынша экологиялық шараларға белсенді қатысуға тырысамыз.
Шараны «Жасыл ел» жасағы мен жастар бастамаларын дамыту орталығы бірлесіп өткізді.
АЙЖАН ҚАЛИ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Республикалық таза Қазақстан аясында «жасыл Скулс іс шарасы өтіп жатыр. Бүгінгі іс шарада 30 дан аса студенттер мен оқушылар қатысып отыр. Шараның негізгі мақсаты - экологиялық мәдениетті насихаттау.
Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Самал Қалиқызы