Өткен жылдың желтоқсан айында облыстық қоғамдық кеңестің үшінші үш жылдық өкілеттік мерзімі аяқталды. Бүгін кеңестің құрамы жаңарды. Сондай-ақ төрағасы сайланды. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Облыстық кеңестің құрамы 70 пайызға жаңарды. Сондай-ақ 33 адамның тұрақты құрамы анықталды. Бүгін оларға салтанатты түрде кеңес мүшесінің куәлігі табыс етілді. Бұдан кейін кеңес төрағасы сайланды.
ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Уважаемые коллеги, я вношу кандидатуру Демеуова Бакир Саматович. На руководящию должность в лице предеседателя общественного совета, прошу вас поддержать.
БӘКІР ДЕМЕУОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
Құрметті әріптестер баршаларыңызға менің кандидатурамды ұсынғаныңыз үшін
Отырыс барысында өкілетті мерзімге жұмыс жоспары қарастырылып, бекітілді. 6 бағыт айқындалды. Кеңес азаматтық қоғамның ой-пікірін тыңдап, онымен санасуға міндетті. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге өз ықпалын тигізіп, өзекті түйіткілдерді көтеруге мүмкіндік алады.
ДУЛАТ ӘБЕТЖАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Бұнда жаңашылдығы қоғамдық кеңестің құрамы өзгеріп жатыр. Жасарды деп айтуға болады. Және де қоғамдық кеңестің 6 комиссия жұмыс жасайтын болады. Соның ішінде жаңадан қосылған комиссияның бірі бұл мәдениет саласын қамтитын спорт, туризм және жастар мәселесін бір комиссия жеке құрылып жатыр. Бұл дегеніміз қазіргі заманның талабына сай. Осы мәселелер жиі талқыға түседі. Спорт саласы болмасын. Мәдениет, жастар мәселесі. Сондықтан қоғамдық кеңес мүшелері осы мәселені, кезек күтірмейтін мәселелерді алдынғы орынға қойып атқарушы билікке жеткізіп, осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз.
Бұдан кейін облыстық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Оған өңір басшысы Асайын Байханов қатысты. Облыс әкімі бұдан дейін кеңеске төрағалық еткен Нұрлан Нәбиевтің еңбегін ерекше атап өтті.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
2024 жылғы 23 желтоқсанда Нұрлан Абзалұлы Нәбиевтің төрағалығымен кезекті қоғамдық кеңестің жұмысы аяқталды. Тұрғындарымыздың игілігі үшін өте ауқымды әрі, тиянақты жұмыс атқарылды деп білемін. Қоғамдық кеңес қоғам мен билік арасындағы алтын көпірге айналды. Нұрлан абзалұлы сізге өңірімізде одан әрі қомақты қосқан үлесіңіз және жемісті еңбегіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіремін. Ендеше бүгінгі сәтті пайдаланып, сізге облысқа сіңірген еңбегі үшін төс беогі табыстауға рұқсат етіңіз.
Облыс әкімі , Әлеумет, ауыл, білім, инфрақұрылым, денсаулық, мәдениет, қоғамдық қабылдау өткізуге, кеңес мүшелеріне мәселелерді ашық талқылауға, айтылған ұсыныстарды тиісті деңгейде қарауға және қоғам мүддесі жолында қызмет етуге шақырды.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қоғамда көтерілетін ауыр мәселелер ол мына мемлекеттік мекемелердің басшыларына жеткізіліп, және де осы қоғамдық кеңеске шақырылып, солардың зерттелуін тыңдап, керек сұрақты қойып, күнделікті жұмыста болуы тиіс деп ойлаймын. Баршаңыз осылай жұмыс істесеңіздер. Сіздің жұмысысыңға сәттілік тілеймін.
Қоғамдық кеңестің қоғамдағы рөлі маңызды. Кеңесіп пішкен тон келте болмайды. Бұған қоса, атқарушы билік пен қоғамның ынтымағы беки түседі.
Әйгерім Тоқпанқызы