Ақсу қаласында автокөлік өрттерінің алдын алу мақсатында профилактикалық шара өтті. Мамандар автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, ақпараттық парақшалар таратты. Келесі сюжетте.
Шара барысында 50-ге жуық автокөлік иесіне өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Статистикаға сүйенсек, 2024 жылы Ақсу қаласында автокөлік өрті бойынша 9 оқиға тіркеліп, 1 адам қайтыс болған. Өрттердің негізгі себептері – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, жанармайдың ағуы, қозғалтқышты ашық отты қолданып жылыту және жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтамау. Мамандар өрт сөндіру құралдарын қолдану жолдарын көрсетіп, алдын алу шараларының маңыздылығын түсіндірді.
ЖӘНІБЕК ТӨРЕХАН, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТЖ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары мен қонақтары. Павлодар облысына автокөліктердің жану фактілері көп орын алуда. Атап айтсақ 2024 жылы Ақсу қаласында тек автокөліктерде 9 фактісі тіркелді. Өрттен келген залал көлемі 10 млн 700 мың тг құрайды. Және автокөліктерден 1 адам қаза тапты. Өрттердің негізгі себептері ол электр сымдарының тұйықталуы. Автомобиль салондарында шылым шегу кезінде абайсыз болу,майдың ағуы және оның қызып тұрған қозғалтқыштың бетіне тиіуі. Қозғалтқыш пайдаланған соң ашық отты пайалану болып табылады. Осыған байланысты Ақсу қаласының ТЖД қызметкерлері полиция қызметкрлерімен бірлесп автокөліктегі қауіпсіздікті сақтау үшін рейдтік жұмыстар жүргізуде. Өрт болған жайғдайда автокөлік жүргізушілеріне тез арада көлікті тоқтатып, қоғалқышты өшіріп, жолаушыларды қауіпсіз жерге шығару қажет.
Мамандар автокөлік иелеріне өрттің негізгі себептерін түсіндіріп, сақтық шараларын сақтауды ескертті. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Сабина Жолдаспаева