Облыс әкімдігінде өңір басшысының қатысуымен аппаратты жиын өтті. Күн тәртібінде әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары, өткен жылғы бюжеттің орындалуы және мемлекеттік сатып алуларды өткізу қорытындылары жайында мәселе қаралды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Былтыр өңірде 3,4 триллион теңгеге өнім шығарылып, өңдеу өнеркәсібі дамыған. Тартылған инвестициялар көлемі бойынша Павлодар өңірі көшбасында.
ИРИНА НАЗАРЧУК, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жылдық инфляция сақталып отыр. Өсу қарқыны 138 пайызды құрап отыр. Қалалар мен 7 ауданда барлық индикаторлар бойынша оң динамика бар, ал бес ауданда өнеркәсіп секторында көрсеткіш төмен
Облыс әкімі Асайын Байханов жиын қатысушыларына Мемлекет басшысының экономиканың алты пайыздық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін еске салды. Осы себепті қалалар мен аудандар арасында меморандумдарға қол қойылған болатын. Бұл тапсырманы Павлодар мен Екібастұз қаласы және Шарбақты ауданында іске асты. Ал, Павлодар, Ақтоғай және Аққулы аудандарында меморандумға енген бес көрсеткіштің төртеуі орындалмаған.
РУСЛАН МҰҚАНОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
2025 ж 1 қаңтарынан өнеркәсіп көлемі 276 млн теңге, яғни 96,6 пайызды құрады. Көрсеткіштердің орындалмауына «Бесқарағай-Әлкей» ЖШС қайта құрылуы және «Асыл-Береке» кооперативнің таратылуы себеп болып тұр... Бақша дақылдары мен қарақұмық егістерінің азаюы
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жалпы, себептерге қарамастан біз жағдайды жан-жақты талдап, керекті қорытындыларды жасап, осы 2025 ж дәл сондай жағдайға тап болмайтындай іс-әрекет жасау керек. Жұмыс атқарыңыздар
ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАЛАЙ ИГЕРІЛДІ?
Павлодар облысы бюджетті игеру бойынша Қазақстан бойынша үздік үштікке енді. Былтыр өңірге 600,8 миллиард, жоспар бойынша 597,7 миллиард теңге шығын келтірілген.
ЖЕҢІС ШАҚАТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
1,4 миллиард теңге игерілмеді: Ақсу қаласында 641,4 миллион, Ертіс ауданында – 140 миллион, Ақтоғай ауданында -66,7 миллион теңге, Екібастұз қаласында -49,8 миллион теңге игерілмеді. Жалпы алғанда бұл, 1,4 млрд теңгені құрап отыр
Ақтоғай ауданында бюджеттің игерілмеуіне тұз өндірудің 60 мың тоннадан 10 мыңға дейін төмендеуі , ал Тереңкөл ауданында өнім өндірудің төмендеуі және салық базасының өзгеруі себеп болған. Өңір басшысы екі ауданның әкіміне сөгіс жариялады. Және бюджет қаражатын игермеген әкімдерге бонустық трансферт қаражатын қысқартуды тапсырды.
Жиын қорытындысында өңір басшысы бірқатар түйткілді сауалдарды қозғап, жұмысқа жауапты қарауды жүктеді.
Қымбат Садық