Облыс орталығында 7 әскери бөлім арасында волейболдан аймақтық турнир өтті. Шараның ұйымдастырушылары – 6679 әскери бөлімі. Спортты жарысқа шекаралас өңірлердің әскери қызметкерлері қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.
Жыл сайын өтетін жарыстың мақсаты әскери бөлімдер арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту.
АЗАМАТ ҒАБДУЛЛИН, «ШЫҒЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мен барлық қатысушыларды және осы турнирдің жанкүйерлерін құттықтаймын. Әрқайсыңызға жеңіс тілеймін. Мұндай керемет залда осындай жарыс өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Жарыстың әділ өтетіне сенемін. Сайысты ашық деп жариялаймын.
Ашылу салтанатынан кейін спортшылар тартысты ойынға кірісті. Жарыста командалар барлық шеберліктерін көрсетті. Әсіресе, ойын барысында тактикалық дайындығы мен үйлесімділігі ерекше байқалды. Әр матч тартысты өтті.
ДАМИР ДАНИЯРОВ, №6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Спартакиаданы
6679 әскери бөлімі ұйымдастырды. Менің ойымша бүгін біздің спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетеді. Ұйымдастыру бойынша барлық шаралар дұрыс өтеді деп сенемін.
Айта кетейік, турнир 3 күнге өтеді. Жеңімпаздар кубоктармен және медальдармен марапатталады.
Сабина Жолдаспаева