Екібастұз қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің көмекшісі 2 жасар сәбиді көрпемен тұншықтырып ұйықтатпақ болған. Дәл осы айтылғандай әрекетке ұқсас бейнетүсірілім әлеуметтік желіде таралды. Алдын-ала мәліметке қарағанда күдікті балаға қатысты дөрекі әрекет жасаған жоқпын, керісінше ұйықтауға жатқызып, көрпемен қымтадым деген. Тәрбиешінің көмекшісі балабақшада 15 жылдан аса жұмыс істеген. Полиция тергеу амалдарын бастады.
СҰЛУШАШ ИБРАЕВА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
-Бұл жағдай Екібастұз қаласындағы «Сәби сити» жекеменшік балабақшасында орын алды. Ата-аналар білім бөліміне шағымданды.Қазіргі таңда полиция басқармасымен тексеру жүргізіліп жатыр. Тәрбиешінің көмекшісі уақытша жұмыстан шеттетілді.