Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сатып алған шыршаларды қоқысқа лақтыруға асықпаңыз. Оны пайдаға жаратуға болады. Павлодар қаласында пайдаланылған шыршаларды қабылдайтын пункттер ашылды. Толығырақ келесі сюжетте.

САМАЛ ҚАЛИҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Жаңажылдық мерекелер аяқталды. Осы жаңажылда қолданған шыршаларыңызды қоқысқа лақтырмау үшін қалалық әкімдікпен экологиялық акция қолға алынды. Оның негізгі мақсаты шыршаларды қайта өндеу.

АЛЬМИРА ЖИНГУЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Бүгіннен бастап "шырша жануарларға көмектеседі" табиғат қорғау акциясы басталды. Бұтақтары мен инелері Ертіс жайылымындағы еліктерді қоректендіруге пайдаланылады, діңдері жануарлар панасын жылытуға қолданылады. Ол үшін пайдаланылған шыршаны "Квазар" СҮ алдындағы аумаққа, Камзин-Ломов бұрышындағы шиномонтажға немесе Ворушин, 92 мекен-жайындағы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесіндегі қабылдау пункттерінің біріне әкелу керек.

Алғашқы күні қала тұрғындары бұл пунктке таңнан бері 30-ға жуық шырша әкелген.

АЛЬМИРА ЖИНГУЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Көбінесе шыршаларды ата аналар мен балалар әкеп жатыр, көбінесе оқушылар. Мұғалімдер келді. Тіпті жүргізушілер шырша тапсырды. Сосын осы аудандағы тұрғындар тапсырып жатыр.

Сонымен, экологиялық акция 15-31 қаңтар аралығында өтеді. Осы уақыт аралығында жоғарыда айтылған үш мекенжайға шыршаларды тапсыруға болады. Ол үшін сізді тәтті сыйлық та күтіп тұр.

Самал Қалиқызы