Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Бұл заң нормасы қоғамда қызу талқылынып, көпшіліктің наразылығын тудырып жатыр. Әділет вице-министрі бұл талаптың қандай жағдайда қайта қаралатынын түсіндірді. Ботагөз Жақселекованың сөзінше, егер бұл мәселе депутаттар тарапынан көтерілсе, қайта қаралады. Мәжілісте көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты нормаға қарсы шығып, депутаттық сауал жолданған болатын. Ал, Ішкі істер министрлігі бұл талаптың 20 жылдан бері бар екенін еске салған еді.

 БОТАГӨЗ ЖАҚСЕЛЕКОВА – ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген барлық өзгертулер тиісті ведомствоаралық комиссияда қаралады. Оның жұмысын Әділет министрлігі қамтамасыз етеді. Комиссия құрамында мемлекеттік орган өкілдерімен қатар, Парламент депутаттары, ғылыми қауымдастық өкілдері бар. Осы орайда депутаттық сауал жолданса, мәселе көтеріліп, талқыланатын болады. Нәтижесі қосымша жарияланады деп ойлаймын.