15 қаңтар – Павлодар облысының құрылған күні. Ертіс-Баян өңірі бүгінде Қазақстанның ірі өндірістік және мәдени орталығына айналды. 86 жыл ішінде облыс әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың көптеген жетістіктеріне қол жеткізді.

Павлодар өңірі 1938 жылы құрылды. Халық негізінен егіншілік және мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінгі күні облысымыз тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де танымал. Мұның барлығы – халықтың қажырлы еңбегінің нәтижесі.Архив деректеріне сүйенсек, өңіріміздің қалыптасу тарихы түрлі кезеңдер мен маңызды оқиғаларды қамтиды.

Тарихи тұрғыдан алғанда, Павлодар облысы тек экономикалық орталық қана емес, мәдени-ағартушылық өмірдің де қайнаған ордасы. Уақыт өте келе өңіріміз даму жолына түсті. Облыс құрамына 3 қала және 10 аудан кіреді. Өңірдің терең әрі қызықты тарихы, зор өндірістік әлеуеті және мәдени-тарихи мұрасы бар.

Облыстың бүгінгі жетістіктері – оның бай тарихы мен жергілікті халықтың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Өңірдің алғашқы жылдарындағы құжаттар мен тарихи деректер оның даму жолын айқын көрсетеді. 86 жылдық тарих – бұл тек бастамасы ғана.

Сабина Жолдаспаева