Өңірде «Тасымалдаушы» жедел алдын алу шарасы басталды. Жол сақшылары бұл күндері такси мен қоғамдық көлік жүргізушілерін тексереді. Айта кетейік, полиция қызметкерлері екі күнде 200-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады.
Тәртіп сақшылары такси мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің құжаттарын, сақтандыру полюстерін және көлік құралдарының техникалық жағдайын тексереді. Рейд ұйымдастырды. Ақсу қаласында ВАЗ-2109 жүргізушісі рұқсатсыз қосымша жарық құралдарын орнатқаны анықталды. Ал павлодар қаласының тұрғыны автокөлігіне заңсыз электронды жарнамалық табло жабыстырған. Ал, Екібастұзда сақтандыру полюсі жоқ Audi жүргізушісі жолаушылар тасымалдаған. Мұндай заң бұзушылықтар жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Полиция азаматтарды қырағылық танытып, жолдағы күдікті жағдайлар туралы «102» нөміріне немесе «police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырады.
Сабина Жолдаспаева