Павлодар қаласында бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі қылмысы дер кезінде анықталды. Сауда үйінің маңында күдікті әрекет жасаған жастар ұсталып, олардың заттарынан есірткі тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күдіктілерді байқаған. Сауда үйінің маңында жүрген жастар оралған затты жасырмақ болған. Шұғыл аталған мекенжайңа патрульдік полиция жіберілді. Сақшылар күдіктілерді ұстап, тексеру кезінде лентаға оралған 10 байлам тапты. Сараптама бұл 44 грам гашиш екені анықтады. Бұл дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция құқық бұзушылардың заң алдында жауапқа тартылатынын хабарлады. Полиция қызметкерлері тұрғындарға күдікті әрекеттер туралы дереу “102” нөміріне немесе “Police 102” мобильді қосымшасына хабарлауды сұрайды.
Сабина Жолдаспаева