Павлодар облысында өткен жылы 116 әйелде жатыр мойнының қатерлі ісігі анықталды. Өкінішке қарай, олардың 24-і көз жұмды. Бұл ретте дерттің алдын алу, ерте анықтау мақсатында скринингтердің маңыздылығы жоғары.

Елімізде жатыр мойнының қатерлі ісігі әйелдер арасында кездесетін обыр түрі бойынша екінші орында. Жылына 600 әйелге жуық келіншек осы сырқаттан қайтыс болады. Осыған орай қаңтар айында жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау үшін онкологиялық диспансерлер ашық есік күнін өткізіп жатыр.

ГҮЛІМ СЫЗДЫҚОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ГИНЕКОЛОГ-ДӘРІГЕРІ

Павлодар облыстық онкологиялық орталықта 18 қаңтарда жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу, ерте анықтау үшін ашық есік күні өтеді. Таңғы 9.00-ден 13.00-ге дейін келіп, гинеколог дәрігерлерге көрінуге болады. Екі кабинет қабылдайды. Тек жеке куәлікпен, алдын ала жазылусыз келесіздер.

Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде 13 мыңға жуық адам есепте тұр. Оның ішінде 1200 әйелге жатыр мойны қатерлі ісігі диагнозы қойылған. 2024 жылы 116 жаңа жағдай анықталды. Өкінішке қарай, 24 әйел дерттен ем таппай, көз жұмды.

Самал Қалиқызы