Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Ертіс» телеарнасының студиясында тікелей эфирде ел алдына есеп берді. Өңірдің даму қарқынын, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру жөніндегі ойларын ортаға салды. Тұрғындар сұрағына жауап берді. Эфир барысында айтылған маңызды мәліметтерді тілшіміз шолып шықсын.

 

Ертістің бойы шаруашылыққа жайлы. Соқа салған шаруаға да, төрт түлігін қараған бақташыға да берекелі. Ауыл шаруашылығының дамуы қазір күллі әлем үшін маңызды. Бұл мүмкіндік елімізде мол. Соның ішінде Павлодар облысының да әлеуеті жоғары. Ал, мемлекет тарапынан осы салада ілкімді жобалары бар кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде.

 

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жалпы біздің ауыл шаруалышығына мемлекет тарапынан 30 млрд тан астам субсидия беріледі жыл сайын. Бұл субсидиялар 20-30 ғана фермер емес, 6 мыңнан астам біздің облысымыздағы кәсіпкерлер алатын субсидия. Одан басқа жыл сайын 2 жыл бойы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация арқылы 11 миллиардқа жуық инвестициялық несиелер беріледі. Бұл несиелер толықтай сүтті тауарлы фермаларды жүзеге асыруға, және де суармалы жердің алқабын ұлғайтуға бағытталған несиелер. Жеңілдетілген несиелер екі жарым пайызбен беріледі.

 

Осы несиенің арқасында Успен, Павлодар, Ертіс ауданында үш ірі сүтті ферма ашылуға дайын. Бұдан бөлек етті бағыттағы кәсіпорындар мен суармалы алқапты 1,5 мың гектарға ұлғайту жоспары бар. Ауыл шаруашылығы саласында кәсіп қылсам деген елдімекен тұрғындары үшін «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы да биыл жалғасады. Оған 2 млрд теңге қарастырылған. Жоқ дегенде 300 адам жаңа кәсіп бастайды деген сөз. Павлодар облысы ауыл шаруашылығынан бөлек, өндірісті де өлке. Бұл экономикаға тиімді, тиісінше экологияға салмақ. Бірақ, шешу жолдары бар.

 

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Үш бағыт бойынша жұмыс жүріп жатыр экология бойынша. Бірінші бағытта мына үлкен ұжымдар боынша кеңейтілген кешенді экологиялық рұқсаттар бағдарламасы енгізілді. Бұған бүгінгі күні кірген «Қазақстан Алюминий» компаниясы, «ТЭЦ-1», «Электролиз завод», оның үстіне Екібастұз қаалсындағы разрез «Восточный». Бұл компаниялар толықтай қатты қалдықтардың ауа ластауын 10 жылда үш есеге азайту жоспарланған. Жалпы 50 мың тоннаға қыстартылады. Бұл бағдарламаға «ERG» тобы тарапынан 178 миллиард теңге қаражат жұмсалады . 

 

Сонымен қатар, биыл және келесі жылы өзге де ірі кәсіпорындар осы экологилық рұқсат ететін бағдарламаларға енетін болады. Экологиялық ахуалды жақсарту жолы бұл ғана емес, бірнеше жылдан бері жасылдандыру бағдарламасы да жүруде. Облыста жалпы 400 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар коммуналдық қалдықтарды игеру міндеті тұр.

 

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Көбі мән бермейді, негізі үш қаладағы полигондардан әжептәуір зиянды қалдықтар ауаға ұшып жатыр. Сондықтан, бірінші кезекте Павлодар қаласына заманауи қатты қалдықтарды сұрыптау зауытының биыл құрылысын бастаймыз. Ол жалпы 150 мың тоннаға жуық қатты қалдықтарды қайтадан өңдеп болашақта жаңағы шыныны, пластикті, темірді және қағазды жерге көмбей оны қатты қалдықтардан алып соны қайтадан өңдеп, қайтадан тауар шығарады. Бұл зауыттың бастамасы сәуір айының ортасында немес аяғында бірінші қазығы қағылып, құрылыс басталады деп көздеп отырмыз 

 

Облыс әкімі газдандыру мәселесіне де тоқталды. Қазір энергетика министрлігімен, мүдделі мекемелермен жұмыстар басталған. 2026, не болмаса 2027 жылы облысқа газ тарту жұмысы басталуы мүмкін деді облыс әкімі. Эфир барысында әр аудандағы тұрғындар суалдарын жолдауға мүмкіндік алды.

 

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ