Павлодар обысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары келді. Олар өңірдің өндірістік салаға мамандарды дайындау барысымен, кәсіпорындар жұмысымен танысты. ТОлығырақ тілшіміз айтсын.
Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР парламенті сенатының депутаттары жұмыс сапарымен келді. Негізгі мақсат - Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру. Халық қалаулылары алдымен өңірдің колледждерінің жұмысымен танысты.
АХМЕТ АЛЕНОВ, СТУДЕНТ
Менің ағам кеңес берді осы колледге түсуге. Және де ол мұнай химия зауытында жұмыс жасайды. Мен ол сияқты болғым келеді. Инженерге дейін көтірілгім келеді.
Алдымен мәртебелі меймандар Павлодар химиялық-механикалық колледжге, түсті металлургия жоғары колледж студенттерін тілге тартты.
АНГЕЛИНА КАТЮКОВА, СТУДЕНТ
Мен электргаздәнекерлеуші мамандығы бойынша оқып жатырмын. Себебі мен үшін бұл қызықты процесс. Мен қазір 6 милиметрлі екі пластиналарды аламыз, 3 милиметрлі тесікше жасаймыз. Яғни арасы дәнекерленеді. Ол жер ылғалдылыққа тексеріледі. Содан менің қалай дәнекерлегенім тексеріледі.
Келесі кезекте сенаторлар кәсіпорындарға барып, ондағы жұмыспен танысты. Ақпан айында жұмысшы мамандықтары мәселесі, кәсіптік білім беру саласындағы жұмыс бойынша сенатта үлкен отырыс өткізіледі. Соған орай, сенат депуттары көшпелі отырыс өткізіп жатыр. «Қазақстан Алюминийі» зауытына да барды.
ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Біз өңірлерге шығып, өңірлерде жұмысшы мамандарды қалай даярлап жатыр, жалпы бүгінгі тағңда колледждердің жағдайлары қалай, олардың жарақтандыру, мамандармен қамтамасыз ету мәселесі қандай. Осы мәселелер бойынша комитет депуттары шығып жүрміз. Бұл бірінші өңір емес, біз осы сала бойынша Абай, Ақмола облысында болдық.+++Яғни қандай мәселелер бар, қандай сұрақтары бар. Колледждерді алдағы уақытта дамыту бойынша, еліміздегі мамандарды әзірлеу мәселесі бойынша арнайы өңірлерге шығып танысып жүрміз.
Сонымен халық қалалулылары, бұл бағытта қордаланған мәселлердің барын жасырмады. Ол тұрғын үй мәселесі, жалақы мәселесі.
ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Бұл салаға көңіл аударатын кез келді. Бұл саладағы мамандардың жалақысына көңіл аударатын кез келді. Жалпы олардың тұрғын үй мәселесі, осы салаға мамандар қалай әзірленіп жатыр дегене мәселелерге көңіл аударатын уақыт келді. Өйткені қазіргі таңда тауыт болсын, кәсіпорын болсын маман тапшылығына тіреліп отырмыз. Еліміздің нарығына қажетті мамандардың аз болуы да алаңдатады. Оқу орындары мен кәсіпорындардың жұмысын үйлестіруге де көңіл аудару керек.
Сондай-ақ, депутаттар Павлодар мұнай химия зауытының жұмысымен танысты. Яғни жұмысшы мамандықтарға жасалып жатқан жағдайларды өз көздерімен көрді.
Самал Қалиқызы