Қызмет және тауар сапасы арту үшін тұтынушылар өз құқықтарын жақсы білуі керек. Былтыр ел азаматтары тұтынушы ретінде өз құқықтарын қаншалықты білетіндігі жөнінде арнайы сауалнама ұйымдастырылыпты. Онда азаматтардың кейбір сұраққа жауап беруге қиналатындығы байқалған.

 

Сауалнама тұтынушылар құқығындағы мәселерді анықтау, даму мүмкіндіктерін болжау мақсатында жүргізілді. Комитет тапсырыс беріп, жеке қоғамдық ұйым жүргізген саулнама аясында респонденттер бірнеше сұраққа жауап берді. Республика бойынша 10 мың, Павлодар облысы бойынша 500 адам қатысты. Оның 100-і ауыл тұрғындары.


Сауалнама аясында көлік қатынасына байланысты да сұрақтар қойылған. Әуе көлігінің қызметінің сапасына қатысты Павлодар жұртшылығы жауап беруге қиналатындығын айтса, автобус қызметіне тұрғындардың 62 пайызы көңілі толмайтын болып шықты.


Сауалнама аясында, коммуналдық қызмет саласына қатысты да халықтың пікірі сұралған.


Ел тұрғындарының көпшілігі өздерінің тұтынушылық құқығына қатысты сауаттарын әркез жетілдіріп отыруға тырысатындығы да сауалнама барысында айқындалды.

 

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ