Қаламыздағы №11 мектепте экологиялық сабақ өтті. Онда Эко-волонтер клубы емен ағашының тұқымын екті. Осылайша жасөспірімдер табиғатты аялау акциясына бір үлес қосты. Толығырақ алдағы сюжетте.

 

Оқушылар емен ағашының тұқымын отырғызу арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті ерте бастан тәрбиелеп, экологияны қорғау жолындағы маңызды қадамды бастады. Бұл мақсатта мектепте эко-волонтерлер клубы ашылған.


Балалар үшін табиғатпен тығыз байланыс орнату өте маңызды. Олар ағаштың өсіп, қоршаған ортамен өзара байланысын бақылау арқылы табиғатқа жауапкершілікпен қарауды үйренеді.

 АНАСТАСИЯ ЛУХМАНОВА, №11 ЖОББМ «GREEN TEAM» ЭКО ВОЛОНТЕР КЛУБЫНЫҢ КООРДИНАТОРЫ

Акцияның мақсаты балаларға шағын қадамнан жасыл болашақты қалыптастыра алатынын көрсету. Біздің эко-волонтерлер көптеген акцияларды ұйымдастырады. Олар табиғатқа көмектесіп, оны қорғауға үйрете түседі. Сондықтан дәл осындай акциямен белсенді әрекет етуге шақыра түсеміз деп ойлаймын 

Юрий Гашек 20 жылдан астам уақыт бойы экология және ағаш отырғызумен айналысады. Өңірімізде экоауыл жасаушылардың бірі. Қазір білгені мен тәжірибесін оқушыларға бөлісіп жүр.  

 ЮРИЙ ГАШЕК, «ПОДАРИ ЗЕМЛЕ САД» ЖЕКЕ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Экологияны қорғау үшін бүкіл халық жаппай үлес қосу керек. Сондықтан осындай жас экологтардың үлесі зор. Мектептерде қоршаған ортаны қорғау шараларды ұйымдастырамыз. Оқушылармен әңгімелесіп, оларды қызықтыруға тырысамыз.. Әр адам жердің ресурстарын пайдаланады.

Бұл тәжірибе балалардың экологиялық сана-сезімін қалыптастырып, болашақта табиғатты қорғауға деген ынта-жігерін арттырады. Эко-волонтёрлер өздері еккен тұқымның өніп-өсіп, үлкен жасыл желекке айналатынына үміт артады,әрі мұндай акцияға қала мектептерінің үлес қосқанын қалайды.

 

ҚЫМБАТ САДЫҚ